20/10/2017  Жұма

Аққайың аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің сайтына кіргендеріңізге өте қуаныштымыз!

Плищенко Ольга
Эдуардовна

Тұрақты даму барған сайын қазiргi әлемдегi қоғамдық процестердiң ұтымды жүруiнiң негiзгi өлшемiне айналып келедi. Ал тұрақты дамудың шарттарының бiрi — ұлтаралық қатынастардың тұрақтылығы болып табылады. Көп ұлтты мемлекетте этностардың жарасты өмiр сүруiне, ұлтаралық бейбiтшiлiк пен келiсiмнiң сақталуына тiл саясаты ықпал етуге тиiс. Қазақстан халқының тiлдерiн дамытудың стратегиясы үш негiзгi мақсатты айқындайды: мемлекеттiк тiлдiң әлеуметтiк-коммуникативтiк қызметiн кеңейту мен нығайту; орыс тiлiнiң жалпы мәдени қызметiн сақтау; этникалық топтардың тiлдерiн дамыту. Бәсекеге қабiлеттi кеңiстiктi, мемлекеттiк тiлдiң дамуы үшiн шарттарды қалыптастыру бiздiң елiмiздiң құқықтық, демократиялық және әлеуметтiк мемлекет ретiнде нығаюының және одан әрi дамуының стратегиялық мiндеттерiнiң бiрi болып табылады.

Ауданда мемлекеттiк тiлдi қолдау және дамыту бойынша жүйелi шаралар жүргiзiледi.

Халық шығармашылығы және көркем өнерпаздықты дамыту іске асырылады.

Мәдениет саласында басты жұмыс бағыты:
- желіні сақтау мен дамыту;
- материалдық-техникалық базаны нығайту;
- өңірде тұратын ұлттардың этномәдениетін жандандыру, сақтау және дамыту;
- кітапханалардың кітап қорын толықтыру және жаңа модефикациядағы оптикалық тасымалдағыштарға көшіру;
- Көркемөнерпаз шығармашылығын сақтау мен дамыту;
- өнерлі дарындардың дамуы үшін жағдай жасау;
- облыстық, республикалық байқаулар мен фестивальдарға қатысу;
- мәдени мерекелер, концерттер (қойылымдар) және т.б. өткізу.

Бiздiң сайтымызға кiрiп, ауданның мәдениет және тілдерді дамыту саласының жұмысы бойынша өзiңiзге қажеттi және пайдалы ақпаратты тауып алатындарыңызға сенемiз.

Біздің сайтымызға қош келдіңіз!

Соңғы жаңалықтар мен іс-шаралар

«Солтүстік Қазақстан Облысы Аққайың ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» КММ бөлімнің мемлекеттік қызметкерімен әдеп кодексінің нормаларын бұзу фактілерін хабарлау үшін сенім телефонын хабарлайды 2-17-72. Бөлімінің ресми пошталық жәшігі: http://kultura.skom.kz
 
Смирново